Мегаполис басшысы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында тұрғындарды қабылдады

0
619

Қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің көпшілігі әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды.


Мегаполис басшысы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында тұрғындарды қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің біразы әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды.

Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнамаға қаралатынын айтты.

Қала әкімі, сонымен қатар, азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек пен тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың мән-жайын түсіндірді.