Зерттеу нәтижелері Ұлттық статистика бюросының және ЮНИСЕФ сайттарында жарияланады. MICS бағдарламасы 1996 жылдан бері әлемнің 118 елінде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанда басталған MICS-2024 зерттеуі елдегі әйелдер, ерлер және балалардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жан-жақты талдау мақсатында жүргізілуде.
Әрбір сауалнама денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік даму салаларына қатысты маңызды аспектілерді қамтиды. Бұл зерттеу Қазақстанның мемлекеттік органдарымен келісілген және қажетті мақұлдаудан өткен.
Бұл туралы «МИКС ( Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) халықаралық зерттеуі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанабаева Меруерт Болатқызы баяндап берді.
Сауалнамалардың негізгі мазмұны:
•
Әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамалар жұмыспен қамту, оқыту, неке және психикалық денсаулық мәселелерін қамтиды. Әйелдер үшін босану және босанғаннан кейінгі көмек бойынша арнайы сұрақтар қарастырылған.
• Бес жасқа дейінгі балаларға арналған сауалнамада ерте балалық даму, тәрбиелеу әдістері және иммундау мәселелері қамтылған.
• 5-17 жас аралығындағы балалар сауалнамасы балалар еңбегі және ерте жастағы дағдыларды дамыту секілді маңызды бағыттарға бағытталған.
Сауалнамаға қатысу толықтай ерікті және ақпараттың анонимдігі қатаң сақталады. Жиналған мәліметтер тек статистикалық мақсаттарда қолданылады. Респонденттер кез келген уақытта сұрақтарға жауап беруден бас тартып, сұхбатты тоқтатуға құқылы.
Зерттеу барысында туындаған сұрақтар бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Зерттеу нәтижелері Ұлттық статистика бюросының және ЮНИСЕФ сайттарында жарияланады. MICS бағдарламасы 1996 жылдан бері әлемнің 118 елінде жүзеге асырылып келеді. Биыл Қазақстан осы жетінші раундқа қатысушы 27 елдің қатарында.