​Құлпынайды өз шырынымен жауып көрдіңіз бе?

0
150

Бұл құлпынайды қысқа сақтаудың ең қарапайым әдісі.


​Құлпынайды өз шырынымен жауып көрдіңіз бе?


Қажетті қоспалар:

  • 1 кг құлпынай
  • 300 гр. қант
  • 2 шым-шым лимон қышқылы


Дайындалу тәсілі:

  1. Құлпынайдың жақсылап сұрыптап, жарамдыларын алып, салқын суға салып қойыңыз. 10 минуттан кейін тазалап жуып, құлпынайды дуршлагқа салыңыз.
  2. Тазаланған құлпынайларды сүлгінің үстіне жайыңыз. 20-30 минутта құлпынайлар кеуіп қалады.
  3. Содан соң шұңғылдау табаққа құлпынай мен қантты кезек-кезек қабаттап салып, бетін жауып қою керек.
  4. Осылай 7-8 сағат тұрады.
  5. Банкаларды стерилдеп, дайындап аласыз. Артынша шырыны шыққан құлпынай мен қантты жақсылап араластырып банкаларға сала берсеңіз болады. Ал әпр банканың бетіне лимон қышқылын себелеуді ұмытпаңыз.
  6. Енді ыдысқа жылы су құйып, түбіне майлық салыңыз да, банкаларды орналастырыңыз. Банкалардың қақпағын жауып қою керек. Қатты отта банкаларды сыртынан қайнатасыз. 10 минут қайнаса жеткілікті. Кейіннен банкалардың қақпағын жақсылап бұрайсыз да, судан алып, матамен жылы орап қоясыз. Дайын банкаларды салқын жерде сақтау керек.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күріш пен тауық етінен дайындалған пісірме