Есепті кездесу әдеттегідей Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің халықпен жоспарлы есепті кездесуілері жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарындарымен жүздесіп, сауалдарға жауап берді.
Қала әкімі шаһардың соңғы 9 айдағы әлеуметтік дамуынан хабардар етіп, алда атқарылатын шаруалардың бірпарасын айтып өтті.
Басымдық берілген салалардың бірі - білім.
Мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша мәселе алдағы 3 жылда шешімін табады. 577 нысан салынып, 3-6 аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылатын болады.
Үш ауысымдық мектептер саны азайды. Биыл бесеуінде мәселе шешіліп, төртеуі қалды. Бүгінде 242 525 оқушы 203 мемлекеттік мектепте білім алады. Биылдың өзінде 33 білім ошағы падалануға берілді.
Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді айтқан шаһар басшысы жиынға қатысқан 300 ден аса тұрғынның 42 сұрағына жауап беріп, әрбір азаматтың талап-тілегі ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.
Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды.
Өз кезегінде аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.
Жиынға халықпен қоса қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу әдеттегідей Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Шаhар басшысы жыл басынан бастап мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіп, көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 500-ге жуық мәселе шешілсе, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болады, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілді. Соңғы 9 айда 12 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 200-ден астам азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады.