Мұрат Әйтенов "Фосфор" ауруханасының жұмыс барысымен танысты

0
589

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.


Мұрат Әйтенов

Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.
Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.
Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.
Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.