Қала әкімі Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді саралап, прокуратура саласы қызметкерлерінің еңбегін айрықша атап өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының прокуратурасында салтанатты іс-шара өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов прокуратура қызметкерлерін еліміздің басты мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді саралап, прокуратура саласы қызметкерлерінің еңбегін айрықша атап өтті.
– Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Халқымыздың мықты мемлекет құру және бақуатты өмірге жету жолында еліміздің тиімді нарықтық экономикасы, демократиялық қоғамдық құрылысы және өркениет талаптарына сай құқықтық жүйесі қалыптасты. Қазақстан прокуратурасы осы жылдар ішінде заң күзетінде тұрып, Конституциямызбен кепілдік берілген құқықтардың бұзылмауын қамтамасыз етті. Тәуелсіздік жылдарында 2 мыңнан аса заң актілері қабылданған. Осы нормативтердің орындалуын қадағалау – сіздер атқаратын жұмыстың басты бағыты. Алдағы жұмыстарыңызда табыстар тілей отырып, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған маңызды бастамаларыңыз жемісті болады деген сенімдемін, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.
Салтанатты жиында Шымкент прокуратурасы аппаратының басшысы Нұрлан Алдабергенов «Ерен еңбегі үшін» мерекелік медалімен, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, қала прокурорының орынбасарлары Берген Ержаппар, Бақтияр Мұхамеджан, Шымкет гарнизонының әскери прокуроры Бағлан Телеу, Еңбекші ауданының прокуроры Талғат Мықтыбек, Қаратау ауданының прокуроры Досымхан Айтишев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.