​«ОРДА» ОҚУ ПОЛИГОНЫ: көпұлтты арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары өтті

0
58

Оған шамамен үш жүзге жуық әскери қызметші қатысып, жаттығуларға броньды техника, армиялық авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.


​«ОРДА» ОҚУ ПОЛИГОНЫ:  көпұлтты арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары өтті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен бірге «Орда» оқу полигонына барды.

Полигонда «Шексіз бауырластық – ІІІ» атты көпұлтты арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары өтті. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысты.

Көпұлтты оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, птплғпн шетелдер қарулы күштері мен Қазақстан күштік құрылымдары қолбасшылығының өкілдері бақылады.
Түркістан облысында өткен оқу-жаттығуға Иордания мен Қырғызстан Қарулы күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды.

Жаттығу барысында әскери тапсырмаларды игеріп, тактикалық-атыс, снайперлік, парашюттік және таулы дайындық бойынша практикалық жаттығуларды орындады.

Оған шамамен үш жүзге жуық әскери қызметші қатысып, жаттығуларға броньды техника, армиялық авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
Көпұлтты арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары тәжірибе алмасуға және оперативтік үйлесімділікті арттыруға бағытталды.
Ал мұндай іс-шаралар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен іс-қимылдардың негізін қалайды.

Арнайы мақсаттағы біріккен бөлімшелер кез келген сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді төтеп беруге дайын екендіктерін көрсете отырып, жауынгерлік үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсете білді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша үздік жауынгерлерді марапаттау рәсімі өтті. Әскери маневрлерге барлығы төрт жүзден астам әскери қызметші қатысты.
Бөлісу