​«Пара алды» деп айыпталған шымкенттік тергеуші сотталды

0
1 520

Экс-тергеушіге бірқатар ұйымдар ұлттық компанияларда лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.


​«Пара алды» деп айыпталған шымкенттік тергеуші сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 150 мың теңге пара алды деп айыпталған полиция тергеушісі сот үкімімен4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әл Фараби аудандық сотының үкімімен экс тергеуші Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде өтейтін болды.

Биылғы жылдың мамыр айында Шымкент қаласы Қаратау аудандық ПБ нің тергеу бөлімшесінің бұрынғы тергеушісі пара алды деп айыпталып, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған болатын. Экс-тергеуші қызметтік оңды шешім шығарып беру үшін сыйақы талап еткен деген күдікке ілінген.Күдікке ілінген тергеушіге қатысты өзіндік қауіпсіздік басқармасы жасырын тергеу жүргізген.

2018 жылдың 28 мамырындаөзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шаралары барысында экс-тергеуші өз қызметтік кабинетінде 150 мың теңге пара алғанын анықтаған. Сот процесі кезінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындамайтындығын айтқан. Сотқа дейінгі тергеуде көптеген заң бұзушылықтар орын алғанын, сол себепті қылмыстық істің құжаттарын жарамсыз деп тану туралы өтінішхатын толық қолдайтынын және соның негізінде істі тоқтатып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрайтынын білдірген.

Айта кету керек,сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы экс-тергеуші апелляциялық шағым келтіруге құқылы.