Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елорда мен Алматы аумағында 2020 жылғы 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап карантиндік режим енгізілді.
Екі қалада карантин енгізілуіне байланысты кіріп-шығуға тыйым салынған.
Осыған орай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Ағайын-туыстарыңызға хабарлаңыздар!
Сондай-ақ, аталған қалаларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау күшейтіліп, қосымша шектеулер енгізілген.
Атап айтқанда:
- Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынған;
- Екі қаланың аумағына кіре берістерде, шығуларда шектеу енгізілген;
- Кіреберістерде/шығуларда коронавирусқа күдікті адамдарды анықтау бойынша қосымша мобильді пункттер орнатылған;
- Медициналық тексеруден және емдеуден, карантиндік режимді сақтаудан жалтарған; эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарды бақылау күшейтілген;
- Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіреберістерде блок бекеттері орнатылып, тексеру күшейтілген;
Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз, елдің қауіпсіздігі!