Шымқалада кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

0
1 095

Кітап көрмесіне республикаға белгілі балалар жазушылары Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер, Дәркен Танабаев арнайы келді.


Шымқалада кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Шымкент қаласында «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылы «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялаған болатын. Бұл ретте «Балалар әдебиеті» және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Арбат» демалыс аймағында Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасы және «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде.
Биыл аталмыш шара екінші рет ұйымдастырылып отыр. Кітап көрмесіне республикаға белгілі балалар жазушылары Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер, Дәркен Танабаев арнайы келді. Бұған қоса, ақын Нармахан Бегалы, Сарманбай Исақ, Сая Қасымбек сынды танымал жергілікті қаламгерлер қонақ болды. Кітап жәрмеңкесінде балалар әдебиетін насихаттау мақсатында кітап кейіпкерлерінің шеруі, балалар ойындары мен байқаулары, ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедиясы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» жетекшілік баспалар және де қалалық кітапханалар қатысты. Алдағы уақытта көрмені халықаралық деңгейде өткізу жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, шара барысында Шымкентте биыл ашылған Балалар кітапханасының жанынан құрылған отбасылық кітапхананың тұсаукесері ұйымдастырылды.
– Кітап көрмесі барысында кітапхананың тұсаукесері өтті. Кітапхана отбасы оның ішінде бала тәрбиесі, балалардың дамуы, психологиясы сияқты модернизациялық бағыттарды қамтиды. Балалар әдебиеті жылына орай кітапхана оқырмандарына жағдай жасалды. Атап айтқанда, оқырмандар тек кітап қана оқып қоймай, шахмат, дойбы сияқты спорттық ойындар да ойнай алады, - дейді Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің директоры Гүлсім Шатырбекова.
Айта кетейік, кітап жәрмеңкесі «Арбатта» ертең де жалғасады.