ШЫМКЕНТ: 18 мыңнан астам тұрғынға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

0
69

Алдағы 2026 - 2027 жылғы жылыту маусымында бұл жұмыстар жалғасын табады.


ШЫМКЕНТ: 18 мыңнан астам тұрғынға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Шымкент қаласында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шаралардың нәтижелері мен алдағы міндеттер таныстырылды.

Профилактикалық шаралар ақпараттық бағытта да жалғасты. Бұқаралық ақпарат құралдарында 56 материал, әлеуметтік желілерде 13 материал жарияланды. Бұдан бөлек, шағын аудандарда дауыс зорайтқыштар арқылы 72 рет үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар арасында 21 жиын мен 28 нұсқама ұйымдастырылып, оған 557 адам қатысты. Балалардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. 285 оқушы қатысқан 9 интерактивті және ашық сабақ, 58 оқушыны қамтыған 3 экскурсия өткізілді. Сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін 3 танымдық бейнеролик әзірленіп, тұрғындарға, мұғалімдер мен ата-аналарға WhatsApp чаттары арқылы таратылды.
Алдағы 2026 - 2027 жылғы жылыту маусымында бұл жұмыстар жалғасын табады. Негізгі басымдық - өрт пен улы газдан уланудың алдын алу және адам өмірін қорғау. Өткен маусымда тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді. Қала аумағында 6 632 тұрғын үй араланып, 18 983 адамға өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 208 әлеуметтік осал отбасы қамтылды. Тұрғындарға пештер мен газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, түтін мұржалары мен желдету жүйелерін уақытылы тазалау қажеттігі түсіндіріледі. Сондай-ақ көміртек тотығының түсі мен иісі болмайтындықтан, үйлерге арнайы датчик орнатудың маңызы ескертіледі.
Профилактикалық жұмыстарға төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен қатар газ техникалық қызмет өкілдері, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады.
Бөлісу