"Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болған.
фото: кадрдан
Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Еңбекші аудандық полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған.
"Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болғаны анықталды.
Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.