ШЫМКЕНТ: 2020 жылы 11 мың пәтерлі үйлердің құрылысы басталады

0
1 012

Е.Айтаханов келесі жылғы бюджеттің қабылданғанын айтты.


ШЫМКЕНТ: 2020 жылы 11 мың пәтерлі үйлердің құрылысы басталады

Шымкент қаласының әкімі келесі жылы 11 000 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, кеше ғана Шымкент қаласының әкімі Нұрсәт шағынауданындағы №111 және 114-тұрғын үйлерден жастар мен көпбалалы аналарға пәтер кілтін табыстады. Сонымен қатар, Ерлан Қуанышұлы салтанатты іс-шара барысында алдағы 2-3 жылда пәтерлер салу жұмысы қарқынды жүргізілетінін атап өтті.

«Былай қарасақ Шымкенттің осы беті үлкен құрылыс алаңына айналып отыр. Бұл жердегі негізгі мақсат – баспанасыз жүрген жандарға жағдай жасау. Келесі жылдың бюджеті қабылданды. 2020 жылы тағы да қаланың осы жағында 5000-ға жуық пәтерлі 88 үйдің және «Шымсити» мөлтекауданында «Шымкент» ӘКК тарапынан 6000 пәтерлік үйлердің құрылысы басталады. Осы қарқынмен алдағы 3-4 жыл бойы жұмыстар көбеймесе, азаймайды. Біз бюджетті солай жоспарладық», - деді Ерлан Айтаханов.