ШЫМКЕНТ: 276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды

0
430

Жыл соңына дейін қала тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жетпек.


ШЫМКЕНТ: 276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Шымкент қаласы Сауле шағынауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан 276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып отыр.
Атап айтқанда биыл қаладағы елді мекендерге ауыз су тарту үшін 14 нысанның құрылысы жүргізілді. Бүгінде бірқатар елдімекенде жұмыс аяқталып, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізді.
Сондай елдімекендердің бірі - Сауле шағынауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан 276 орам.
Бүгінге дейін суды кестемен пайдаланып келген тұрғындардың мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Ондағы 1 228 абонент үздіксіз мемлекеттік жүйедегі суды тұтынатын болды.
Мердігер мекеме «АГАТ» тарапынан құрылыс 2021 жылдың маусым айында басталған болатын. Қазіргі таңда 54,9 шақырым су құбыры тартылды.
Жуырда Асар-2, Ақтас, Жаңаталап, Ынтымақ-2 және Тұран шағынаудандарында да ауыз су мәселесі шешімін тапты.
Жыл соңына дейін қала тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жетпек.