ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 6 спорт және ойын алаңы салынды

0
136

Аталған нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және тұрғындардың белсенді демалысына жағдай жасайды.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 6 спорт және ойын алаңы салынды

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесулері барысында айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Абай ауданының тұрғындары балаларға арналған спорт және ойын алаңшаларын салу туралы өтініш білдірген. Өтініштер зерделеніп, нәтижесінде аудан аумағында 6 заманауи спорт және ойын алаңы салынды.
Жаңа алаңшалар мына мекенжайларда орналасқан:
1. Нұршуақ шағынауданы, Ілтипат көшесі;
2. Нұршуақ шағынауданы, Шатыркөл көшесі;
3. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Мырза көшесі;
4. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Цементников көшесі;
5. Ынтымақ шағынауданы, Сарқан көшесі;
6. Ынтымақ шағынауданы, Аққұрай көшесі.
Аталған нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және тұрғындардың белсенді демалысына жағдай жасайды.
Тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, шағынаудандардағы қоғамдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасады.
Бөлісу