ШЫМКЕНТ: Абай ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетті

0
613

Биыл Құрсай шағынауданында ауыз су құрылыстары жүргізіліп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетті

Үшінші мегаполисте инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданында 2021 жылы 8 елді мекеннің тұрғындары ауыз сумен, сапалы электр жарығымен қамтылған. Ал биылғы ақпан және наурыз айларында табиғи газ беріледі. Бұл туралы Абай адуаны әкімі аппаратының бөлім басшысы Әбілқайыр Оңғар ауданда іске қосылған инфрақұрылымдық жүйелерді таныстыруға арналған баспасөз турында мәлімдеді.

Әбілқайыр Бақытқалиұлы баспасөз турында «Батыс» және «Ынтымақ-2» елді мекендеріндегі инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ауданда өткен жылы 8 елді мекендегі 60 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылғанын айтты. Ал биыл Құрсай шағынауданында ауыз су құрылыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осылайша, Абай ауданында биыл тасымалды су тоқтатылып, ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға жеткен.

Қазіргі таңда аталған елді мекендерде ауыз су құрылысы толық жүргізіліп, абоненттерге ауыз суды үйлеріне қосу жұмыстары аяқталды. Ал Игілік, Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ шағынаудандарында электрге тарту жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Аталған шағынаудандардың тұрғындары «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінен техникалық шарттарын алып, абоненттер сапалы электр қуатына қосылды. Қазіргі таңда Солтүстік Саяжай, Ынтымақ шағынаудандарына көгілдір отынның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. АГРС-3 станциясы алдағы ақпан және сәуір айларында іске қосылып, аудан тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады, - дейді бөлім басшысы.