ШЫМКЕНТ: Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді

0
417

Кездесу барысында Бадам өзенінің жағалауынан жер қойнауын заңсыз ұрлау жайтының алдын алу, жауапкершілігі, мемлекетке келетін шығынның көлемі және салдары түсіндірілді.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бадам өзенінің жағалауы маңында жер қойнауын өз бетінше пайдалану жағдайларының көптеп орын алып жатқандығы туралы жергілікті тұрғындардан шағымдар түскен. Осыған орай, аталған мәселені шешу үшін жергілікті тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесуге Абай ауданының әкімі Б.Парманов, аудандық прокуратура, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, экология департаменті, полиция қызметкерлері және Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Бадам өзенінің жағалауынан жер қойнауын заңсыз ұрлау жайтының алдын алу, жауапкершілігі, мемлекетке келетін шығынның көлемі және салдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, Бадам өзенінің жағалауына кірер жолға арнайы ескертпе бұрыш орнатылып, қызыл лента тартылды.

Алдағы уақытта жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізілмек.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабына сәйкес жаза қолданылады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекет меншігіндегі жерлерді пайдаланудағы заңдылықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Жер иелеріне жауапты мамандар мәселенің мән-жайын талқылай отырып, заңдылықтардың сақталуын ескертті. Белгілі болғандай, Абай ауданына қарасты Төлеметов көшесінің бойында ағаш сататын сауда қатарларының иелерімен мемлекеттік жерді пайдаланудағы заңдылықтарды сақтамаған. Жеке азаматтың атына рәсімделген бұл сауда орнының аумағы 8 625 шаршы метрді құрайды. Осынша аумақты алып жатқан бұл жердің иесі қосымша мемлекеттің меншігіндегі 1 гектар аумақты заңдылықтардыескермей, пайдаланып келгені белгілі болып отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда жер учаскелерін ішнара өз бетіншепайдаланған жерде 4 бөлшек сауда орны жұмыс істеп тұр. Ол жерде 20-дан астам сауда қатары орналасып, күні бүгінге дейін құрылысқа қажетті заттар сатумен айналысуда.Осыған орай, жауапты мамандар сатушыларға бұл жер телімдері мемлекеттің меншігі екені,енді белгіленбеген орындарда сауда жасамау туралы ескерту берілді. Сатушыларға басқа сауда орындарына көшу қажеттілігі де ескертілді.