​ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданын инфрақұрылыммен қамту жоспарға сай жүргізіліп жатыр

0
662

Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады.


​ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданын инфрақұрылыммен қамту жоспарға сай жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында инфрақұрылыммен қамту жоспарға сай жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 пайызға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 пайызға ұлғайту көзделген. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.

“Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Сәуле» шағын ауданы, «Асар-2» шағын ауданында жұмыстар жүргіздік. Жыл соңына дейін «Текесу» тұрғын алабында желілік жұмыстарын аяқтап, аудан тұрғындарын толығымен ауыз сумен қамтитын боламыз”, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты.

Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады. Бүгінде “Шолохов” және “Хлопзавод” көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Келесі жылы «Түркістан», «Ақжайық», «Химфарм» шағын аудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.

Айта кетейік, Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 59 жоба халық қатысатын бюджет аясында шешімін тапқан. Атап айтқанда, 50 балалар алаңшасы және 9 ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Жоспарға сай бұл межені 100%-ға жеткізу үшін келесі жылы тағы 32 балалар алаңшасы мен 7 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілетін болады. Жиын барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағын аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.