Әлеуметтік көмекке құжатты 30-сәуірде тапсырса да сәуірдің 1-нен бастап есептеледі.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова әлеуметтік көмек алу кезінде халықты дүрлікпеуге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 1-сәуірден бастап республика бойынша жәрдемақыға өтініштер қабылдана бастады. Бұл атаулы әлеуметтік көмектің түрі тұрмысы төмен барлық отбасыларға берілуде.
«Бір айдың ішінде тапсырылса сол айда бастап әлеуметтік көмек тағайындалатын болды. Мысалы 1 сәуірден басталатын болса сәуірдің 30 дейін құжат қабылданады. 30 сәуірде тапсырса да сәуірдің 1-нен бастап әлеуметтік көмек тағайындалады. Соған мен халыққа айтар едім ешқандай қобалжымай, ажиотаж жасамай, уайымдамай барлықтарыңызға заңға сайкес әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтқым келіп отыр», дейді қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.
Сондай-ақ, осы әлеуметтік көмекті тағайындау цифрлық форматқа көшіріліп, Е-халқы базасы жасақталуда. Оған Шымкент қаласының төрт аудан әкімдігі Е-халқы базасына барлық әлеуметтік карталар жасалынып, базаға енгізу жұмыстары жүргізілуде.
дереккөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі