ШЫМКЕНТ: “Аналар кеңесі” 90-ға жуық іс-шара өткізді

0
768

Білім мекемелері мен тұрғын алаптарда 52 кездесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: “Аналар кеңесі” 90-ға жуық іс-шара өткізді

Шымкент қаласында Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырыс барысында айтылған ой-пікірлер сараланып, Президент жүктеген тапсырмаларды үшінші мегаполис аумағында жүйелі іске асыру туралы пікір алмасты.

Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі – отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қоғамдық негізде әрекет етеді.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ дерегінше, бүгінде Шымкентте түрлі деңгейде 13 Аналар кеңесі (қалалық – 1, аудандық – 4, этномәдени бірлестіктер жанында – 8) бар. Аталған кеңестерге 117 ана мүше.
Айта кетейік, қала аумағындағы Аналар кеңестері жыл басынан бері 87 іс-шара өткізіп, білім мекемелері мен тұрғын алаптарда 52 кездесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.