ШЫМКЕНТ: ардагерлердің қоғамдағы белсенді рөлі артып келеді

0
140

Ардагерлер кеңесі - қоғамдағы үлкен қозғаушы күш.


ШЫМКЕНТ: ардагерлердің қоғамдағы белсенді рөлі артып келеді

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа мәжілісі болды.

Мәжілісте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелер талқыланып, Ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жасалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.

Мәжіліске қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баяндама жасады.
Баяндамада Президенттің ана тілі мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бастамаларына, елдің дамуы мен болашағына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен бірге қазіргі таңда өзекті болып отырған есірткіге қарсы, лудоманияға қарсы, зорлық-зомбылыққа қарсы күреске баса назар аударылды.
- Мен осы жерде президентіміздің барлық көтеріп жүрген мәселелерінің ортақ бір атрибутына тоқтағым келеді. Барлық насихатында «адал еңбек, адал табыс, адал азамат, әділетті Қазақстан, заң мен тәртіптің үстемдігі» деген мәселені айтып келеді. Осы мәселеге үнемі көңіл бөліп келеді, яғни, осы бір мәселе ол кісінің барлық сөйлеген сөзіне, ұстанған ұстанымына өзек болып келе жатыр десек артық айтқандық болмайды, – деді Сәрсен Абайұлы өз сөзінде.
Ардагерлер кеңесі - қоғамдағы үлкен қозғаушы күш. Жиында өткен жылдың жұмысы қоытындыланып, алдағы кезде де кеңестің жұмысын жандандыру бағытындағы алған қойған жоспарлар талқыланды.
Бөлісу