ШЫМКЕНТ: «Асыл жүрек» орталығында ардагерлерге ақысыз қызмет көрсетіледі

0
1 592

Зейнеткерлерді сауықтыруға арналған орталық 2019 жылдың наурыз айында ашылған.


ШЫМКЕНТ: «Асыл жүрек» орталығында ардагерлерге ақысыз қызмет көрсетіледі

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бастаған комиссия өкілдері зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зейнеткерлерді сауықтыруға арналған орталық 2019 жылдың наурыз айында ашылған. Мұнда күніне 4 сағат ақысыз әлеуметтік пен медициналық қызметтер көрсетіледі.
– Орталық екі ауысымда жұмыс істейді. Бір ауысымда 30 адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде карантин талаптары бойыншакүндізгі стационарда 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерге қабылдап отырмыз. Қызмет алушыларға фито-бар бөлмесінде жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шәйлар беріледі. Сондай-ақ, бронхит, бронхиалды астма (демікпе), аллергиялық ринит сырқаттары бар азаматтар үшін тұз кешені де бар, - дейді «Асыл жүрек» орталығының директоры Мауия Алданазарова.
Бұл жерде күн тәртібі зейнеткерлерді дәрігерлік тексеруден басталады. Қарттарға қызмет көрсету үшін жоғары санатты кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Жуырда мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды. Мамандардың сөзінше, көптеген сырқаттарға емдік қасиеті бар құрылғыкоронавирус пен пневмониядан кейінгі асқынулармен күресте көмегі орасан.
Әлеуметтік-медициналық орталықта йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Сонымен бірге компьютерлік сауаттылық және қазақ, ағылшын тілін үйрету курстары өткізіледі. Психологиялық тренингтер жиі ұйымдастырылып, мәдени демалыс үшін дендросаябақ, театр мен спорт кешеніне арналған кесте түзілген.