ШЫМКЕНТ: Батыс шағын ауданы ауыз сумен қамтылды

0
361

Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесіде тартылуда.


ШЫМКЕНТ: Батыс шағын ауданы ауыз сумен қамтылды

Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

Өткен жылы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-гімен ұзындығы 151 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, бүгінде 10 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылып отыр. Мұндағы халық бұған дейін ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып келген.
Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесіде тартылуда. Бұл инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, батыстықтар сапалы электрге және көгілдір отынға қол жеткізеді.