​ШЫМКЕНТ: Бес көшедегі жарық бағанындағы ақау қалпына келтірілді

0
677


​ШЫМКЕНТ: Бес көшедегі жарық бағанындағы ақау қалпына келтірілді

Соңғы екі күнде белгісіз біреулер қаладағы Қалдаяқов, Байтұрсынов, Қазыбек би, Тәжібаев және Бәйдібек би сияқты негізгі 5 көшедегі жарықтандыру бағандарын өшіріп тастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Техникалық бақылау кезінде мамандар электр панелінің әдейі ашылғанын және кабельдердің зақымдалғанын анықтады. Жарық ұзындығы жалпы 12 шақырымдық бағанада өшірілген.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков орын алған оқиғаға байланысты салалық басқарма басшылығына мәселені тез арада шешіп, көшелерді қайта жарықтандыруды тапсырды.

Нәтижесінде, мамандардың кәсібилігінің арқасында ақау сол түні толығымен қалпына келтірілді.

“Біз үшін тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі басты назарда. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тұрғындардың өміріне қауіп төндірген тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Оларға заң аясында қатаң шара қолданылады,- деді қала әкімі.

Сондай- ақ, қала басшысы барлық азаматтарды қала меншігіне ұқыпты қарауға және орын алған бұзақылық әрекеттертерге куә болған жағдайда тиісті орындарға дереу хабарлауға шақырды.