ШЫМКЕНТ: Бомба туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды

0
1 046

Қазір «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Бомба туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі ірі ойын-сауық орталығында«бомба қойылған» деп телефон соғып, жұртты дүрліктірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл хабарлама 3 тамыз күні сағат 21.00 шамасында тарап, полицейлер орталықты қоршауға алған және келушілер мен орталық қызметкерлерін эвакуациялап, ғимаратты әбден тексеріп шыққан. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Кеш түскенде сауда ойын-сауық орталығына келушілер мен қызметкерлерін үрейлендіріп, құзырлыларды әуреге салып, жалған ақпарат берген азамат жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде анықталды. Ол 34 жастағы бұрын сотты болған шымкенттік болып шықты.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта жайт бойынша ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.