Медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау мәселелері жөнінде тренинг семинарлар ұйымдастырылды.
Шымкентте жыл басынан бері 314 адамнан COVID-19 анықталды. Өткен тәулікте тағы 13 адам вирус жұқтырғаны, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалада 1 060 төсек - орын бар. Қазір онда 144 науқас ем алуда. Әзірше қалған 916 орны бос тұр.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
- Қалаға 1 ақпаннан бастап «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасының жеткізілуі күтілуде. Бүгінгі таңда қала емханаларының базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылды. Ерікті түрде вакцинациялау үшін 1000 медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылды. Бұдан басқа, биыл ақпан айының соңына дейін қаладағы 34 емханада мұздатқыштар орнатылып, вакцинация кабинеттері ашылатын болады, - деп хабарлады шаһар басшысы.
Медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау мәселелері жөнінде тренинг семинарлар ұйымдастырылды. Елде эпидемия басталғалы бері 14 650 медицина қызметкері коронавирустық инфекциясымен күрес бойынша оқытудан өтті.