ШЫМКЕНТ: ерекше балаларды – спорт шыңдайды

0
677

«Саламатты болашақ»деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға бейімделген дене шынықтыру және спорт әлеміне жол ашады.


ШЫМКЕНТ: ерекше балаларды – спорт шыңдайды

ERNUR.KZ. Ерекше жағдайдағы балаларға қолдау көрсету қашанда маңызды. Осы орайда шаһарымызда сауықтыру орталықтары жұмыстарын қарқынды жүргізіп отыр. Мүгедектігі бар балалардың көпшілік ортада болып, басқа балғындармен араласуына мүмкіндік жасауда, оларға моральдық, материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде түрлі жобалар да іске асырылуда.

Сондай жобаның бірі - «Саламатты болашақ» деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға бейімделген дене шынықтыру және спорт әлеміне жол ашады.
Сондай-ақ, кешенді тәсілге бағытталған, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін және спортпен жыл бойы жүйелі шұғылдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың әлеуметтік интеграциясына, физикалық оңалтуына, дене мүмкіндіктерін қолдауға және денсаулығын нығайтуға ықпал етуге арналған.
Оған «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау білдірген.
«Саламатты болашақ» деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жобаны Шымкентте де қолдау тауып отыр. Бүгін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен спорт фестивалі өтті.
Аталмыш іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорт фестивалінің аясында «Children Paralympic games 2024» деп аталатын ойында бейімдеу секцияларының тәрбиеленушілері өздері бейімделген бочча, голбол, шығыс жекпе-жегі, футбол, жүзу, жеңіл атлетика, футбол сияқты спорт түрлерінен жарысқа қатысып, бақтарын сынады. Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Ал қала әкімінің орынбасары С.Құранбек болашақта қаламызда спортқа бейімі бар мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар үшін параолимпиадалық спорт түрлеріне арналған орталық ашу жоспарда бар екендігін жеткізді. Бұл өз кезегінде ерекше балаларға үлкен мүмкіндік болып табылады.