Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде.
Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді.
Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады.