Кездесу барысында әлеуметтік нысандардың, әсіресе балабақша мен емханалардың тапшылығы сөз болды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесті. Шымкент Сити, Асар, Ақжайық, Ынтымақ, Тұран және Қызылжар шағынауданының жергілікті халқы мегаполистің дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, маңызды ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында әлеуметтік нысандардың, әсіресе балабақша мен емханалардың тапшылығы сөз болды. Сондай-ақ тұрғындар балалар мен спорт алаңының және пандустың жетіспеушілігін айтып, кейбір көшелерде су ағатын жүйенің, бейнебақылау камераларының, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелінің жоқ екенін алға тартты.
Бұдан бөлек, қоғамдық көлік кестесі, коммуналдық төлем және инфрақұрылым тарту мәселелері де талқыланды. Кездесу барысында қала әкімі тұрғындарды тазалық сақтауға шақырып, жылдар бойы шешімін таппай келген түйткілді мәселелердің кезең-кезеңімен ретке келтірілетінін атап өтті. Мысалы, жыл соңына дейін қала көшелерін толық жарықтандырып, жол сапасын 100 пайызға жеткізуді жоспарланып отыр.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар көтерген мәселелер жан-жақты сараланып, жүйелі шешу мақсатында нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді