ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар маңызды инфрақұрылым нысандарын аралады

0
276


ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар маңызды инфрақұрылым нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі қаланың маңызды инфрақұрылым нысандарын аралап, дайындық жұмыстарын тексерді.

Бірінші кезекте РК-3 және К-24 қазандықтарында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын қадағалады. Қаладағы көпқабатты үйлердің қысқа әзірлігін де пысықтады.

Әкім аралау барысында Шымкент жоғары медициналық колледжіне барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Колледж басшылығы түлектердің білім алу және жұмысқа орналасу шарттары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, әкім Қаратау ауданындағы №3 қалалық ауруханада болып, медициналық мекеменің бөлімдерін аралады. Денсаулық сақтау басқармасы және аурухана басшылығымен бірге проблемалық мәселелер мен даму жоспарын талқылады.
Аралау қорытындысы бойынша әкім бірқатар басқармаларға нақты тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізіп, уақытында аяқтауды тапсырды.
Бөлісу