ШЫМКЕНТ: қала әкімі даңқты спортшымен кездесті

0
347

Ол - бес дүркін олимпиада чемпионы.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі даңқты спортшымен кездесті

Бүгін қала әкім Ғабит Сыздықбеков даңқты гимнастшы, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері Нелли Киммен кездесті.

Ол- бес дүркін олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, спорттық гимнастиканың аңызына айналған атақшы гимнастшы.
Нелли Шымкент өңірінде дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап гимнастикамен айналысқан. Ол бойындағы табиғи дарынымен ерекшеленді. Екі жылдан соң Нелли спорт шебері бағдарламасы бойынша жарысқа түсті. КСРО халықтары Спартакиадасында алтын алқа тақты. Монреальда үш алтын алқаға ие болды: командалық біріншілік, еркін жаттығулар және секіру. Көпсайыстан күміс алқа алды. Мәскеуде топтық біріншілікте және еркін жаттығуда екі алтын алқаны иемденді. Нелли Ким — әлем спортының жарық жұлдызы.
Ардагер спортшымен әңгімелесу барысында отандық гимнастиканы дамытудың өзекті мәселелері, дене шынықтыру мен спортты мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ қаламызда халықаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесуден кейін қала әкімі Нелли Владимировнаға естелік сыйлық табыс етіп, зор денсаулық, сәттілік, мол табыс тіледі.