ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

0
66

Қала әкімі жаңа қоныс иелерін баспаналы болуымен құттықтап, бұл қуанышты сәт олардың өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы боларына сенім білдірді.


ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Бозарық шағынауданында 30 жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында берілді.

Қала әкімі жаңа қоныс иелерін баспаналы болуымен құттықтап, бұл қуанышты сәт олардың өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы боларына сенім білдірді.
Сонымен қатар Әл-Фараби ауданында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ғимаратының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Нысанды жаңарту қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және мекеменің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Абай ауданындағы ПМК-49 көшесінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған аула аумағы да араланды. Жоба аясында балалар ойын алаңшасы жаңартылып, көше жарығы орнатылған, спорт және баскетбол алаңдары салынған. Қала әкімі жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындаған мердігер ұйымға алғысын білдірді.
Бұдан бөлек Тұрлан шағынауданындағы №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Жоба аясында ғимарат толық жаңартылып, оған іргелес аумақ абаттандырылады. Мердігер ұйымға құрылыстың сапасын қамтамасыз етіп, жұмысты бекітілген кестеге сәйкес уақытылы аяқтау тапсырылды.
Сондай-ақ Қаратау ауданында халықаралық деңгейдегі Novotel қонақүйінің құрылысымен танысты. Жалпы аумағы 8 мың шаршы метрді құрайтын жеті қабатты қонақүйде 114 нөмір қарастырылған және бір мезетте 160 адамды қабылдай алады. Жоба іске қосылғаннан кейін 40 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Қала әкімі аталған инвестициялық жобаның жүзеге асуы Шымкенттің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырып, заманауи қонақүй инфрақұрылымын дамытуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.
Бөлісу