ШЫМКЕНТ: Қаладағы жөндеу жұмыстары аяқталған жолдардың сапасы тексерілді

0
969

Түркістан көшесінің Д.Қонаев даңғылынан Тоқаев көшесіне дейінгі бөлігіне қойылған жиектастардың 10-15 проценті берік орнатылмағаны анықталды.


ШЫМКЕНТ: Қаладағы жөндеу жұмыстары аяқталған жолдардың сапасы тексерілді

иллюстрациялық фото

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда жол құрылысы 75%-ға аяқталды. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын.

Аяқталған жұмыстардың жапасын білу мақсатында Түркістан көшесіне«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе отырып тексеріс жүргізді. Оған мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС мен техникалық қадағалаушы «Инженер Строй» ЖШС-ның мамандары да қатысты.

Тексеріс барысында мамандар жолдың жиек тастарын, аяқжол өрнек тастарын, асфальтбетон қабатын тексерді. Нәтижесінде Түркістан көшесінің Д.Қонаев даңғылынан Тоқаев көшесіне дейінгі бөлігіне қойылған жиектастардың 10-15 проценті берік орнатылмағаны анықталды.

Осыған байланысты тапсырыс беруші мекеме мердігерге аталған кемшілікті жоюды тапсырды.Қайта тексеру кезінде жиектастардың беріктігі талапқа сай болмаған жағдайда мердігер мекемеге оны ауыстыруға ұйғарым беріледі.

Жол сапасын тексеру кезінде аяқжол өрнек тастарының беріктігі мен асфальтбетон қабатының қалыңдығы қолданыстағы құрылыс нормаларына және сметалық құжаттамаға сәйкес келетіні анықталды.