Шымкент қаласындағы “Асар” шағын ауданында жедел жәрдем станциясының жаңа бекеті ашылды.
Жаңа шағын станция халыққа жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігі мен жеделдігін жақсарту мақсатында ашылған.
Бүгінде қаладағы жедел медициналық жәрдем станциясында барлығы 104 бригада жұмыс істейді, оның ішінде 28 мамандандырылған дәрігерлік, 76 фельдшерлік.