Маңғыстау облысы да «жасыл» аймаққа ауысты.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Үшінші мегаполис "жасыл" аймаққа ауысты деп хабарлайды ERNUR.KZ.
26 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Мәліметтерге сәйкес, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Ал кеше «сары» аймақта болған Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы бүгін «жасыл» аймаққа ауысты. Сонымен Қазақстанның 7 өңірі қауіпсіз аймақта тұр.