Шымкент қаласында 15 отбасы баспаналы болды

0
273

Шымкент қаласында жалдамалы пәтерлердің кілтін табыстауға қатысты салтанатты рәсімі өтті.


Шымкент қаласында  15 отбасы баспаналы болды

фото:Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент

ERNUR.KZ. Жаңа баспанаға ие болған 15 отбасының қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, толық емес отбасылар бар.

Салтанатты жиында қала әкімі қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, жалдамалы пәтерлер Шымкент қаласы бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілді. Пәтерлерді бөлу тетігі оның ашықтығы мен тиісті заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жаңа пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Нысандар барлық құрылыс талабы мен стандарттарына сай пайдалануға берілген, инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын.
Қалада тұрғындарын үй-жаймен қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың баспана мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге бағытталады.