Көші-қон қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына ҚР ІІМ өкілі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры Кабденов Мурат Талапович арнайы келіп қатысты.
иллюстрациялық фото: kaz.tengrinews.kz
Бүгін облыс орталығы Шымкент қаласында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Көші-қон қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына ҚР ІІМ өкілі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры Кабденов Мурат Талапович арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық ІІД бастығы полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков, облыстық көші-қон полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева мен өзге де құрметті қонақтар келді. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы мен қызметтік кабинеттердің көрсетілу рәсімінде сөз алған орталық бастығы «Бұл орталық халықтың сұранысы бойынша қажеттілік туындағаннан соң ашылып отыр» деп атап өтті.
Орталықтың ашылу мақсаты - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың тарапынан жұмсалатын уақытты үнемдеу (3-5 күннен 1 күнге дейін). Орталықта Шымкент қаласы тұрғындарына уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу және жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге келген еңбек имигранттарына рұқсат рәсімдеу жұмыстары жүргізілмек.
Бұл орталықта бір терезе қағидасын ұстану үшін Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының Көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлеріне керекті жиһаздар, ресепшен, күту залы және терминалдармен жабдықтап, жоғарыда аталған ғимараттың 600 шаршы метр орын бөлінген. Бұдан бөлек, осы орталықта шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметі, салық органдары, 2-ші деңгейлі банк өкілдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚЕАҚ облыс бойынша филиалының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2014-2017 жылдар аралығында облыста 178 мың. 253 ТМД елдерінен келген шетелдіктер заңдастырылған. Олардан алдын ала жеке кіріс салығы бойынша бюджетке 971 млн. 166 мың 434 теңге түскен. Биылғы жылдың 5 айында 32 мың 300 шетелдік заңдастырылып, бюджетке 216 млн. 198 мың 722 теңге ақша түскен.