Шымкент қаласының әкімі онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады

0
834

Әр аптаның жұма күндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары сұрақтарын жолдай алады.


Шымкент қаласының әкімі онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әр аптаның жұма күндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары аулаларды абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау мәселесі мен көшеге атау беру, тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату және білім салаларына қатысты сұрақтарын жолдады.

Қала әкімі барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, бірінші көтерілген абаттандыру бойынша жұмыстар рет-ретімен шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар биылғы жылы Шымкенттегі 300-ден астам аула абаттандырылып, ойын және спорт алаңшалары жаңартылып жатқанын атап өтті.
Ал атауы жоқ көшелерге атау беру заң талаптары шегінде қаралып, мараторий ашылғанда тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Қабылдау барысында көтерілген басқа да сауалдар бойынша қала әкім басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне әрбір өтінішті жеке қарауды айтып, тиісті жұмыстарды жүргізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.