ERNUR.KZ. Шымкент қаласының туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарында.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Туризм, сыртқы байланыстар және кретивті индустрия басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Нұрымбетов айтты.
Өткен жылдың 18-20 мамыр күндері аралығында Астана қаласында «Qazaqstan Live Fest 2023» халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде Қазақстанның әр өңірінде туризмнің қалай дамып келе жатқанын көрсетілді. Соның ішінде Шымкент қаласының туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарына кірді.
Көрме аясында Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы «Amanat» дизайнерлік киімдер бренді, «Dora» және «Graf» қонақ үйлері және «OCA travel» және «ShymTour» туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды.