Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды

0
103

Дәрігерлер балалардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.


Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды

фото: Sputnik / Алексей Куденко

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында үш бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

3, 5 және 8 жастағы балалар көшеде ойнап жүріп, жидек терген. Олардың нақты қандай жидек жегені және қанша мөлшерде тұтынғаны әзірге белгісіз.
Алдымен балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті тексеруден өтті. Кейін үшеуі де Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Дәрігерлердің мәліметінше, балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуі де есін біледі және қажетті ем қабылдап жатыр.