Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекет жұмыс істеуде.
Шымкент қаласындағы карантинге жабылған елді мекенде медицина мамандары тәулік бойы қызмет етуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы тұрғындар медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Мұндағы санитарлық бекеттегі жедел жәрдем және емхана қызметкерлері медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге дайын.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекет жұмыс істеуде. Бекеттерде дене қызуын өлшейтін құрылғылар жеткілікті, қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Халықтың өміріне араша түсетін ақ халаттылардың бүгінде еңбегі орасан зор. Қиындықпен бетпе-бет кездесетін дәрігерлердің жұмысына көпшілік қолдау білдіруде.