Оның көбі «Тұран» шағын ауданында орналасқан.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шымкенттегі Қаратау ауданында 26 балалар ойын алаңшасы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның көбі «Тұран» шағын ауданында орналасқан, есеп бойынша 20 үй ауласына 9 алаңша орнатылып отыр.
Осы ретте Қаратау аудандық әкімдігі 2023 жылы аудан аумағында тұрғындар ұсынысын ескере отырып, тағы 62 жобаны жүзеге асырмақ.
Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.