Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бюджет есебінен 9 916,6 мың теңге қаржы қаралды.
Шымкент қаласында кеміргіштерге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ағымдағы жылы 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жоспарланған.
2022 жылы кеміргіштерге қарсы көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бюджет есебінен 9 916,6 мың теңге қаржы қаралды.
Көктемгі кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 20.05. - 31.05.2022 жыл аралығында жүргізіліп, 16 752 ш.м. қоқыс-жәшіктердің, 1 136 340 ш.м өзен-каналдардың аумағы кеміргіштерге қарсы залалсыздандырылды.
Мемлекет есебінен залалсыздандыру жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің, өзен-каналдардың аумағына тегін жүргізіледі. Ал, жеке тұрғынжайлар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері зиянкестерді залалсыздандыру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.