ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылының ІІ кезеңі жұмысы аяқталып, толық пайдалануға берілді

0
44


ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылының ІІ кезеңі жұмысы аяқталып, толық пайдалануға берілді

Шымкентте қала ішіндегі қозғалысты жеңілдету, инфрақұрылымды жаңарту және тұрғындарға барынша қолайлы орта қалыптастыру — басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта қолға алынған Қонаев даңғылының келесі кезеңіндегі жұмыстар аяқталып, бүгінде аталған бөлігі толығымен қолданысқа берілді.

Бұл сатыдағы құрылыс Әйтеке би көшесінен Терешкова көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Стратегиялық маңызы жоғары бағыттың жалғасы қаладағы көлік жүйесін дамытуда елеулі орын алады.
Даңғыл 4 жолақты болып салынды. Жоба шеңберінде қозғалыс қауіпсіздігі мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай басты назарға алынды.
Құрылыс та аумақты абаттандыру кезеңі де аяқталды.
Қазіргі таңда:
• жол бойы көгалдандырылды;
• қажетті жол таңбалары сызылды;
• көше жарықшамдары толық іске қосылды;
• Туннель астына Шымкенттің символы — қызғалдақ орнатылды.
Даңғылдың бұл бөлігі қаладағы негізгі бағыттардың біріндегі қозғалысты реттеп, орталық маңындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Бөлісу