ШЫМКЕНТ: Көрнекі ақпараттың дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
337

Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.


ШЫМКЕНТ: Көрнекі ақпараттың дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының қасбеттеріндегі атаулары орфографиялық дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен жазылуы тиіс: мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекті ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс.
Аталған талаптардың сақталмауы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Осыған орай, кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекті ақпарат мәтінін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндіру жұмыстары атқарылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.