Шымкент: коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласыңыз

0
902

Сондай-ақ, қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын Qoldau 24/7 мобильді қосымша арқылы жолдай алады.


Шымкент: коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласыңыз

Еліміздің ірі қалалалары мен өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы жөнінде хабарласуға болатын байланыс нөмірлерінің тізімі ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республика бойынша вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу үшін 1406 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өткен.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласқан жөн.

Сондай-ақ, қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын Qoldau 24/7 мобильді қосымша арқылы жолдай алады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде төтенше жағдайда жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды.