Бұл отбасының мүшелерінен дәрігерлер 4-ші сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған.
иллюстрациялық фото
Шымкентте 4 науқас коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауығып шыққан азаматтың үшеуі бір отбасының мүшелері. Олар 1996 ж., 1994 ж. және 1970 жылғы қала тұрғындары. Бұл отбасының мүшелерінен дәрігерлер 4-ші сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Үш аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастардың жағдайы жақсы дейді мамандар.
Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1964 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 8-сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған.
Төрт азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық крусын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеттті.
Олар 25 сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 науқас дертінен айығып шықты.