фото:nur.kz
Шымкенттік отбасы тамақтан уланбаған. Санэпидемиологтар осындай қорытындыға келді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тағамнан улану жағдайының болған-болмағандығын анықтау мақсатында отбасына аудандық басқарма мамандарын жіберерген. Үйінде қалған тамақ қалдықтары, сүртінділер алынып, зертханалық тексеруге жолданған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері де отбасының уланғаннан алдын жеген тұшпара сынамасын дүкеннен алып, зерттеуге жолдаған.
"Зертханалық тексерулер нәтижелері бойынша талапқа сай емес сынамалар анықталған жоқ, тамақ қалдықтарынан астан улануға әкелетін себеп анықталмаған,"-деп мәлімдеді аталған департаменттің баспасөз қызметі.
Уланып қалған отбасы тұратын үйде орталықтандырылған газ жүйесі болмағандықтан тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданған. Санэпидемиологтар токсикологиялық улану бар-жоғын анықтау мақсатында үйден, яғни жабық бөлме ауасынан ауыр металл мен сынаптарға зерттеуге сынамалар алған. Зерттеу нәтижесі улануға алып келетін заттар анықталған жоқ екендігін анықтаған.
Пәтерде уланған отбасынан бөлек әйелінің туысқан әпкесі де тұрады. Оның денсаулығына шағымы болмаған. Дәрігерлер ауру белгілері жоқ деп отыр.
"Медициналық қызмет көрсеткен мекемелерге көрсетілген қызметтің сапасын анықтау мақсатында тексеру тағайындалды. Қорытынды мәлімет медициналық қызмет сапасын тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі,"-деп хабарлайды Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.