Бағдарлама аясында Шымкент қаласында 12 мектептің құрылысы басталған.
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектептердегі оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы өз бастауын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталмыш бағдарлама аясында Шымкент қаласында 12 мектептің құрылысы басталған. Олардың 9-ы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ал, қалған 3 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.
Білім басқармасының басшысының айтуынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, қалған 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталмақ.
Еске салсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқу орындарының тапшылығын шешуге, апатты мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары республик бойынша 740 мың оқушы орны бар 369 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде биыл 217 мектеп ашылады деп жоспарлануда.