"Қызыл" аймақта 6 өңір қалды.
иллюстрациялық фото
2021 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
⠀
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары.
⠀
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.